"Тіл тағдыры - ел тағдыры" дөңгелек үстел. |
Тілдің тұғыры – халық болса, халықтың рухани, басты байлығы тілі. Бабаларымыз осы қасиетті, киелі қазынамызды қастерлеп, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманаттап жеткізген. Халықтың ұлттық ерекшелігінің басты белгісі тілі, түрі, ділі, діні болса керек. Сондықтан тілдің жай-күйі қай заманда да ұлт көсемдерін алаңдатып отырған. Қазақ халқы небір нәубетті, зұлматты жылдарды, замандарды бастан кешірді. Тарихқа көз жүгірткен адам сол сұрапыл жылдардан аман өткен халықтың қайсарлығына бас иері сөзсіз. Аман өтіп қана қоймай қаншама ұлттық құндылықтарын қаз-қалпында сақтап, мұртын бұзбай, қылау түсірмей қадірледі. Халқымыздың осындай қастерлілерінің бірі тілі. Жер бетінен қаншама ұлт, тіл жойылып кетті. Кейбір ұлттардың жұрнағы қалғанымен, тілі жоғалды. Ал тілін жоғалтқан халық жеке ұлт ретінде сақталып қала алмайды. Міне, қасіреттің ең үлкені осы. Осы тұрғыдан қарағанда біз тіл мәселесіне келгенде тәуба деуіміз керек. Әрине, қазір де тіл тағдырына алаңдап, тіліміз үстемдік құра алмай жатыр деп, осы мақсатта күресіп жүрген қайраткерлер баршылық. Ол- заңдылық. Осындай алаңдаушылықтар болмаса тіл жойылып кетпесе де қадірі қашып, жұтаңданып кетер еді. Осы мәселеге келгенде мемлектімізде қабылданып, іске асып келе жатқан бағдарламалардың көтерген жүгі мың батпан.
|
Автор: asanov.aknar
Қосылды: 27.02.2023 в 14:09
Көріністер: 327
|
Артқа |