Меню KDT

kz ru виртуалды қабылдау

Ясли-сад №14
logotype
deco
Жаңалықтар
 
 
Қазақстан халықтарының тілдер күні

2020 жылғы №14 «Ақбөпе» балабақшасының қыркүйек айының 20 мен 25 жұлдызында Қазақстан халқының тілдер Фестивалына арналған «Қазақстан халықтарының тілдер күні» іс- шараның есебі.

«Қазақстан халықтарының тілдер күні» іс- шара ойдағыдай қазақ және орыс топтарында 20 қыркүйекпен 21 қыркүйек аралығында өткізілді. Фестивальдың ашылуы таңертеңгілік жиында қыркүйектің 20 күні ән- күй залында салтанатты түрде ашылды. Елбасымыз міндеттейді «Барлық халықтың ортақ бір тілі ол- Достық тілі!» Әр кешімізде мемлекеттік ән ұранмен басталып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін әріптестерде, ата- аналарда, балаларда көрсетіп әсерді.

2020 жылдың 24 қыркүйегінде, Нұр-Сұлтан қаласы, №14 «Ақбөпе» балабақшасында, Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай барлық топ тәрбиеленушілеріне арналған: «Абай дара, Абай дана қазақта...» атты «Мәнерлеп оқу байқауы - 2020», «Конкурс чтецов – 2020» байқауы; «Балбала», «Тұлпар», «Ақбота», «Ақбұлақ», «Құлыншақ», «Жұлдызай», «Күншуақ», «Бәйтерек», «Айгөлек» топтарында мерекелік іс- шара қазақ тілі мұғалімі: Агыбаева Р.И., музыка жетекшісі: Захарова Т.В. ұйымдастыр-уымен өте жақсы деңгейде өткізілді. Мерекелік іс- шарада жас бүлдіршіндеріміз өздерінің ұлттық киімдерінде ән айтып, би билеп, түрлі ұлттың ойындары ойнатылды. Сонымен қатар, 2020 жылдың 25 қыркүйегінде, Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында еліміздің білім саласын өркендетудегі үлесі мен еліміздің болашағы – өскелең ұрпақ тәрбиесіне патртиоттық сезімдерін ояту мақсатында, №14 «Ақбөпе» балабақшасының барлық топтар арасында ұйымдастырылған

«Бір шаңырақ астында» атты фестивалінде белсенділік танытып, жақсы қырынан көрініп, өнер көрсетті. Жылда балабақшамызда, ересек және мектепалды даярлық топтар арасында музыкалық залда, ата- аналардың қатысумен әр топ жеке мемлекетпен таныстырып, өнерлерін, салт- дәстүрлерін, тілдерімен т.б.с.с. барлық қырынан слайт шоу арқылы көрсеткен болатын. Биылғы жылы, «Бір шаңырақ астында» атты іс- шарамыз дәстүрден ерекше әр топта өздерінде өткізілді. Балабақшамыздың 12-і тобы да атсалысты, әр топ жеке өзі бір мемлекетпен таныстырды. Ол мемлекеттің салт- дәстүрімен, әдет- ғұрыптарымен таныстырып, жас бүлдіршіндерді сол ұлттың дәстүрлі киімінде кигізіп, өнерімен, тағамдарымен танысытырып, өте жақсы деңгейде өнер көрсетілді. Жеке әр топта дайындалуына байланысты, комиссия мүшелері құрылды.

Комиссия мүшелері: №14 «Ақбөпе» балабақшасы» меңгерушісі– Джусупова Г.У., балабақша әдіскері– Бекенова Ж.Ж., спорттық нұсқаушысы– Ишунина С.Л., музыка жетекшісі– Захарова Т.В., қазақ тілі мұғалімі– Агыбаева Р.И. болып, барлық топтың жасаған жұмыстарымен танысып өз бағаларын берді. Топтардың ата- аналары жақсы деңгейде атсалысып, жаңа қырларынан танылғандары айқын көрініп тұрды. Әрине жарыс болғаннан кейін жеңу бар, жеңіліс бар дегендей, «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс- шарамыздың жеңімпаздары: №10 «Балбала»- Бас жүлде «Корея» елі,

№8 «Күншуақ»- I орын «Өзбекстан» елі, №12 «Толағай»- II орын «Қырғызстан» елі, №5 «Жұлдызай»- III орын «Қазақстан» елі. Қалған топтарға қатысқандары үшін номинация түрінде берілді.








































 

 
Автор: asanov.aknar
Қосылды: 25.09.2020 в 14:05
Көріністер: 112
Артқа