Қазақстан халықтарының тілдері күні |
Қазақстанның көпұлтты халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, балаларды тек өз халқының ғана емес, сонымен қатар біздің еліміздің үлкен кеңістігін мекендейтіндердің де мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. |
Толығырақ... |
"Тіл тағдыры - ел тағдыры" дөңгелек үстел. |
Тілдің тұғыры – халық болса, халықтың рухани, басты байлығы тілі. Бабаларымыз осы қасиетті, киелі қазынамызды қастерлеп, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа аманаттап жеткізген. Халықтың ұлттық ерекшелігінің басты белгісі тілі, түрі, ділі, діні болса керек. Сондықтан тілдің жай-күйі қай заманда да ұлт көсемдерін алаңдатып отырған. Қазақ халқы небір нәубетті, зұлматты жылдарды, замандарды бастан кешірді. Тарихқа көз жүгірткен адам сол сұрапыл жылдардан аман өткен халықтың қайсарлығына бас иері сөзсіз. Аман өтіп қана қоймай қаншама ұлттық құндылықтарын қаз-қалпында сақтап, мұртын бұзбай, қылау түсірмей қадірледі. Халқымыздың осындай қастерлілерінің бірі тілі. |
Толығырақ... |
Алтын күзді |
02.11.2020 ж. №14 "Ақбөпе" б/б-да жоспарланған іс-шараларға сәйкес "Алтын күзді"мерекелеу басталды. мектепалды даярлық "Күншуақ" тобының балалары тәрбиешілер Л.С.Кажгалиева,С.Н.Есеналиева және мамандар күздің сұлулығын өлеңдермен және әндермен қарсы алып, дәріптеді. Мерекеге Күз ханшайымы күзгі бақтан өз сыйлығын ала келді, ойын ойнату арқылы балалардың шапшаңдылықтарын сынап қарады. Күз ханшайымы жұмбақтар жасырып, балаларға ойын ойнауға көмектесті. Күзгі мерекелік іс-шараға белсене қатысқан балаларға балабақшамыздын меңгерушісі Г.У.Джусупова арнайы дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапаттады. Көңілді болды. Балалар ойындарға қуана қатысты, ән айтты, би биледі, Күз бәріне жемістер үлестірді.
|
Толығырақ... |
"Бір шаңырақ астында" фестивалі |
Қазақ қашаннан бауырмал халық қой. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерін бауырына басқан көпұлтты мемлекетпіз. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! |
Толығырақ... |
"Ана тілім - қазынам" өлең оқу челенджі |
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы Н. Назарбаев №14 «Ақбөпе» балабақшасында, 2021 жылдың 7 қыркүйгімен 24 аралығында «Ана тілім - қазынам» ұйым арасында мәнерлеп оқу байқауы (челендж) жоспарға сәйкес өткізілді. Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.
|
Толығырақ... |
Нұр-Сұлтан қаласы, #14 "Ақбөпе" балабақшасы |
Балалар күніне орай ұйымдастырылған, "GULNAR FEST" халықаралық жобасына; "Ақбота" тобы қатысып, жүлделі орынға ие болды. Ізгі ниетпен, балабақшамыздың жоғарғы білікті тәрбиешісі: Мергенова Айжан Жанайдаровнаны шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар бірлесіп, жұмыс атқарып жүрген білікті, өз ісінің шебері музыка жетекшіміз: Захарова Татьяна Владимировны, қазақ тілі мұғалімі: АГЫБАЕВА РАУАН ИМАНБАЙҚЫЗЫНА жеңістеріңіз құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта биік шыңдарды бағындырып, қадамдарыңызға гүл бітсін. Ізгі ниетпен: Балабақша әкімшілігі. |
Толығырақ... |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсы |
Елтаңба, Ту, Әнұран– ел дербестігі мен тәуелсіздігін күллі жұртқа танытатын әрі өткен мен болашақ сабақтастығын көрсететін құнды белгілер. Ел дамуының ажырамас бөлігі саналатын мемлекеттік рәміздеріміз қабылданған дата ұлт тарихында мәңгілік ерекше орын алатын болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
|
Толығырақ... |
Мемлекеттік тілді үйретуде ойын технологиясының маңызы |
«Бала ойнының қарапайымдылығы –алдамшы құбылыс бұны бәрі біледі, бірақ оны түсіне бермейді» (П.Ф Каптерев.) Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан біз, ҰОҚ жиі ойын технологиясын қолданамыз. Әрине, өзге ұлт балалары болғандықтан, көбінесе өлең арқылы айтылып, іс- қимылымен жалғасын табады.
|
Толығырақ... |
Қуыршақ ойыны |
Біз, тәжірибе барысында, балалармен ән түрінде айтып, эмоциялық тұрғыда да көңілді үйреткенді ұнатамыз. Балалар - ойын баласы болғандықтан олармен көңілді ойнай отырып, сөздік қорларын байытып отырсақ, нұр үстіне нұр болмақ. Назарларыңызға келесі өлең шумақтарын арнаймыз. Балалармен ойын түрінде өткізіледі. «Қуыршақ» Авторы: РАУАН АГЫБАЕВА Қуыршақ, қуыршақ кел, кел, Кел, кел, кел ойнаймыз, |
Толығырақ... |