Меню KDT

kz ru виртуалды қабылдау

Ясли-сад №14
logotype
deco
Жаңалықтар
 
 
"Қазақшаң қалай балақай?" атты ҰОҚ өткізілді

№14 «Ақбөпе» балабақшасында 25.01.2021 «Күншуақ» мектепалды даярлық тобында кезекті: «Қазақшаң қалай балақай?» атты ҰОҚ өткізілді. Әдеттегідей балаларымыз өте жақсы дайындалып, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті. Әрине айтып кетпесе болмас, топтың тәрбиешісі- Юсупова А.У. кез- келген уақытта қол ұшын созып, бірауыздан келісіп, балалардың ойдағыдай өздерін ұстауларына, сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап берулеріне өз үлесін қосты. Және топтың ата- аналарына қолдағандары үшін өз рақметімді айтсам деймін.

Ізгі тілекпен: қазақ тілі мұғалімі- Агыбаева Р.И.

Толығырақ...
 
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы

2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Осыған орай №14 «Ақбөпе» балабақшасында түрлі іс- шаралар өткізілді. Сонымен бірге тәрбиешілеріміз бүлдіршіндермен түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Соның бір айғағы ретінде, №14 «Ақбөпе» балабақшамыздың тәрбиешісі: Ильясова Анар Хамитовна, Абай Құнанбайұлының 175- жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай дана, Абай дара қазақта» атты Республикалық байқауға қатысып, «АБАЙ-175 ЖЫЛ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН марапатталды.

Толығырақ...
 
Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні

IMG-20201207-WA0006№14 «Ақбөпе» балабақшасында 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығындағы «Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты акцисына қатысып, «Мұңаймасын ана, жыламасын бала» атты тренинг семинарын өткізді. Бұл семинарға балабақшамыздың барлық педагогтары атсалысып, балаларға үгіт- насихат жүргізді.  Қазіргі таңда болып жатқан, түрлі, ауқымды жағдайлардың алдын- алу мақсатында, осындай акциялар жиі  ұйымдастырылып, келешек ұрпағымыз тәрбиелі, иманды, үлкенді сыйлайтын болса деген тілегіміз бар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.







Толығырақ...
 
"Ертегілер әлемінде"атты іс-шара өтті

28.10.2020 ж. №14 "Ақбөпе" балабақшасының мектеп жасына дейінгі балалары үшін Нұр-сұлтан қаласының № 3 қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Ертегілер әлемінде"атты іс-шара өтті. "Күншуақ" тобы тәрбиеленушілері іс-шараға қатысты. Балаларға жұмбақтар айтылды, викторина өткізілді, мультфильм көрді және ұсынылған ертегілерді тапты. Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, ойын тапсырмаларына қатысты, осылайша ертегілер туралы білімдерін көрсетті.

Кітапхана басшысы Марал Құрманбаевқа және барлық қызметкерлерге мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік дамуына көмектесетін танымдық іс-шаралар өткізгені үшін алғыс айтамыз.

Толығырақ...
 
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған ресурстар

tilqural.kz

abai.institute

tilmedia.kz

balatili.kz

emle.kz

https://termincom.kz/

sozdikqor.kz

qujat.kz

atau.kz

tilalemi.kz

 

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар

«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.
Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.
Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.
2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
Сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым әзірленді. А1, А2 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, «Abai.institute» онлайн платформасына орналастырылды.
Жоба аясында Түркия, АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия және Өзбекстанда қазақ тілі кабинеттерін ашу арқылы офлайн және онлайн оқыту жүргізілуде.
Жобада «Отандастар қоры» АҚ ерекше рөл атқарады, ол шетелдегі отандастармен жұмысты ұйымдастырады және жоғарыда аталған елдердегі қазақ тілі кабинеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Портал Android Және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қол жетімді.
Қаралым – 182 740.

Толығырақ...
 
INDIGO порталдарынан жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулық

Толығырақ...
 
2021 жылы балабақшаларға орын бөлу кестесі

Мектепке дейінгі ұйыммен шарт жасасу үшін балабақшаға жолдама алғандарда болуы қажет:

1. Жолдама (берілген күннен бастап 5 күн ішінде жарамды);

2. Ата-аналардың бірінің жеке куәлігі;

3. Баланың денсаулық паспорты (Ф 026/у-3) және Ф63

4. Баланың туу туралы куәлігі

Толығырақ...
 
INDIGO24.kz сервисімен жұмыс істеуге арналған пайдалы ақпарат

Толығырақ...
 
Абайлаңыз! Қызылша!

Толығырақ...
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық «әр уақытта және
барлық азғырулар кезінде барлық заңдарды

сменсінбеушіліктен туындайтын тамыр». Томас Гоббс

Ұзақ уақыт бойы қоғам сыбайлас жемқорлық мәселесін талқылаудан аулақ болды. Тақырып қазір талқылауға ашық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ашықтығы табыстың кепілі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – бүкіл қоғамның ісі. Тәрбие мәселелері қоғамдық даму мәселелерімен тығыз байланысты. Тұлғаны қалыптастыруда мектепке маңызды рөл беріледі. Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлықты қазіргі құқықтық мемлекеттің құндылықтарымен мүлдем үйлеспейтін құбылыс ретінде қабылдамауға тәрбиелеу – мектептің ең маңызды міндеті. Халықтың білім деңгейі, оның құқықтық мәдениеті елдің беделі ғана емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Ресей Федерациясының Азаматтық палатасының баяндамасында «Білім және қоғам: Ресей өз болашағына инвестиция салуға дайын ба?» «Бүгінде мектеп азаматтық және әлеуметтік құзыреттердің қажетті жиынтығын қамтамасыз ете алмайды» деген көңіл көншітетін қорытынды жасалды.

Толығырақ...