Меню KDT

kz ru виртуалды қабылдау

Ясли-сад №14
logotype
deco
Бос орында
 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • тиісті бойіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат, тиісті бойіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтілі талаптары қойылмайды;
  • біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін 2 жылдан кем емес, педагог-сарапшы үшін 3 жылдан кем емес, педагог-зерттеуші үшін 4 жылдан кем емес.

Тиісті санатты алу үшін жауапкершілікті анықтайтын біліктілік талаптары:

1) "педагог" (санаты жоқ):

санаты жоқ қазақ, орыс тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

  • бағдарламалық материалдың мазмұнын білуі,
  • мектепке дейінгі тәрбие әдістемесін білуі,
  • жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыруы,
  • шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізуі,
  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысуы,
  • инновациялық тәжірибені зерделеуі тиіс,
  • баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ресімдеуге қатысу,
  • ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру,
  • тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін ескере отырып тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.

2) "педагог-модератор":

санаты жоқ "педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс:

  • бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;
  • инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдану,
  • әр түрлі жастағы топтарда шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізу,
  • мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысу, білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөйлеу, баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамытушылық ортасын қайта құруға белсенді қатысу, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу,
  • білім беру ұйымдарында кәсіби біліктілігін арттыру,
  • білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау,
  • білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

3) "педагог-сарапшы":

  • "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар:
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
  • педагогикалық кеңестерде сөйлеуі, өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы,
  • ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау дағдысын меңгеру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау: білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/ қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы.

4) "педагог-зерттеуші":

  • "педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы керек, сонымен қатар:
  • оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеудің дағдылары мен іскерліктерін меңгеруі,
  • аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысуы,
  • балалардың зерттеу дағдыларын дамытуы,
  • қалалық, облыстық конкурстарға балалардың қатысуын жүзеге асыруы,
  • тәлімгерлікті тәжірибеге енгізу;
  • көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен қарым қатынас жасау дағдыларын меңгеруі,
  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану,
  • аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы,
  • сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтау, облыстардың/республикалық және елордалық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау, облыстардың/ республикалық және елордалық қалалары деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

5) "педагог-шебер":

  • "педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келу, сонымен қатар:
  • жаңа бағдарламалар мен педагогикалық технологияларды меңгеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу;
  • республикалық деңгейдегі шығармашылық конкурстарға қатысу қорытындысы бойынша балалрдың көрсеткіштерінің болуы;
  • республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмыстарға белсенді араласу; республикада тәжірибені трансляциялау және енгізу;
  • республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен автор) бола алуы немесе авторлық бағдарламалары болуы;
  • жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейінде кәсіби қауымдастық желісін дамытуды жоспарлау,
  • халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлайды.

Протокол конкурса



Протокол